Елімізге белгілі жекпе-жек шебері Бейбіт Назаров сенсацияға толы баяндама жасады. Ол бір жыл бұрын UFC де төбелесуден бас тартқан көрінеді. Өйткені спортшыға ұйымдастырушылар Қытайдың атынан айқасқа шығуға ұсыныс жасапты.
Ардақ Назаров, «Alem Fighters» кәсіпқой спорт клубының жетекшісі:
– Қазақта айтады «көш жүреді, бірдеңе үреді...» Сондықтан біз әлеуметтік желінің ар жағында отырып алып, жазып жатқан адамдарға еш ренжімейміз. Өйткені бізге қазаққа басқа спортшы әкеліп бере алмайды. Бәріміз тілеулес болатын болса, әрине көк байрағымыз желбірейді.
Бұл – БАҚ өкілдері мен спорт сүйер қауымның басы қосылған кездесуде, Ардақ Назаровтың ашына айтқан ақиқаты. Туған інісіне төрт бірдей ота жасалып, спорттан шеттеп қалған уақыттарда, кей жанкүйерлері Бейбітті жазғырған еді. Бірақ, көк байрағына адал қазақ спортшсының Қытайдың атынан UFC-де төбелесуден бас тартқанынан көпшілік мүлде бейхабар.
Бейбіт Назаров, Аралас жекпе-жек шебері:
– «Сендер ұқсайсыңдар, азиатсыңдар дейді. Қазақстанның атынан шығайық десек, жоқ болмайды деді, шығатын болсаң міне қазір контракт әкеледі, қол қой, 2018-ден бастап сен UFC боеці боласың, официально түрде» деді, біз бас тарттық. Бұл – ешқандай пиар емес, ешқандай өтірік емес, бұл анық нақты жауап.
Бүгінде «Titan FC» тұжырымында өнер көрсететін Бейбіт Назаров, 21-желтоқсанда Алматыда кәсіпқой мансабындағы басты айқасына шықпақ. Қарсыласы Мартин Браун есімді тәжірибелі аралас жекпе-жек шебері.
Бейбіт Назаров, Аралас жекпе-жек шебері:
-Қарсыласқа келер болсақ – АҚШ спортшысы, біраз жекпе-жектер өткізген. 12-жеңісі, 5-жеңілісі бар, бұрын «Belator»-да төбелескен, өте әккі спортшы. Осы жекпе-жек мен үшін UFC-ге кіруге 90-% мүмкіндік болады.
Бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, Бейбіт Назаров UFC тұжырымына шығатын тұңғыш қазақстандық ММА шебері атануы бек мүмкін. TITAN FC промоушені - әйгілі UFC-дің тікелей әріптесі болып саналады екен. Бұл ұйымның президенті Қазақстандағы аралас жекпе–жек өнерінің деңгейі мен бұл спорт түріне деген қызығушылыққа таңқалған көрінеді.
Лекс Макмахон, «TITAN FC» президенті:
– UFC тұжырымы мен біздің промоушен Қазақстандағы бұл бастаманы өте қолдайды. Алматыдағы турнирді UFC FIGHT PASS арнасы арқылы әлемнің 100-ден аса елінде көрсетілмек. Бұл жергілікті спортшыларға танылуға – зор мүмкіндік.