Дәл бүгін Лондон қаласында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өтпек. Ұлыбританияға ат басын бұрған әншіні, фанаттары әуежайдың өзінде қошеметпен қарсы алды. Тіпті, шетелдік Димашқа қазақ тілінде ән шырқаған.
Димаштың алғаш рет өткізілетін жеке ән кешіне, барлық билеттер сатылып кеткен, «DQ» атты шоу Лондонның «Indigo at the O2» концерт залында өтпек. Тыңдамандар үшін Димаш жанды дауыста отыз ән шырқайды.
Ал бұл шарадан түскен қаржы талантты өнерпаздарға арналған арнайы фондқа табысталады. Соның бір бөлігі Данэлия Тулешова қатысатын «Евровидение» балалар байқауына жұмсалмақ. Жерлесіміз бүгін басталатын дәл осы конкурста еліміздің намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз