TIME журналында кім үздік?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көп ұзамай, Димаш жанкүйерлеріне тұтастай әнжинақ тарту етеді деген үміттеміз! Себебі, әйгілі Time журналы 2018-жылдың «ең үздік альбом» иегерлерін анықтады! Сонымен, музыканттар арасынан оза шапқан кім?

Тайм басылымының пайымымен бұл жылдың үздігі – Карди Би. Хип-хоп орындаушының «Invasion Of Privacy» альбомы ерекше атап өтуге лайық деп танылған. Еске салсақ, музыкалы жинақ Карди Бидің дебюттық туындысы болып саналады. Онда өнерпаз арудың JBalvin, Bad Bunny сынды әріптестерімен орындаған дуэттері де жетерлік.

Карди Биден өзге, бұл тізімде «Dirty Computer» альбомымен Жанель Монэ екінші орынға жайғасса, Mitski «Be The Cowboy» туындысымен үздік үштікті тұйықтайды. Сондай-ақ, мықтылар ондығында Шон Мендестің, JBalvin, Камила Кабейоның әнжинақтары кірген.

Көпшіліктің көңіліне жаққан жинақтармен қатар, әйгілі журнал 2018 жылдың ең мықты музыкалы әуендердің есімін атаған еді. Беделді басылымның пікрінше, Christine and the Queens & Dâm-Funk орындауындағы «Girlfriend» трегі үздік ән атанса, Чайлдиш Гамбиноның «This Is America»-сы екінші. Ал, үшінші орын кеше ғана жарық көріп, талай чарттардың көшін бастаған Ариана Гранденің «thank u, next»-тіне бұйырыпты