Джастиннің ғашығы тегін ауыстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Джастин Бибер тыңдармандарын тың туындыларымен қуантуды қойды. Сері енді бар уақытын сүйіктісіне арнамақ. Хейли болса, ғашығы үшін «Болдуин» атты тегін «Биберге» ауыстырды. Бұл – жұптың үйленіп алғанын білдіре ме?

Джастин Бибер мен Хейли Болдуиннің құпия түрде үйленіп алғаны жайлы, соңғы екі айда түрлі қауесет тараған еді. Оған себеп сәнбикенің жеке брендінің атауы мен өз тегін «Хейли Биберге» ауыстыруы. Джастин болса, инстаграм парақшасында cүйіктісінің фото суретін «менің керемет жұбайым» деген жазбамен жариялаған еді. Табынушылары енді жұлдызды жұптан ұлан- асыр той күтеміз деп шуласуда.

Сәнбике Джиджи Хадид болса, жетістігіне күмән келтіретіндерге жауап берді. Бикешті әулетіңнің абыройының арқасында атың шықты деп кінәлайтындар бар екен. Ару танымалдылыққа ие болу үшін өзінің тынбай еңбек еткенін айтады. Себебі Джиджидің әкесі кезінде босқындар қатарында болса, анасы қарапайым шаруа қожалығында қызмет еткен көрінеді.

Бруно Марс «алғыс айту» күнінде қайырымдылық жасамақ. Музыкант өзінің туған жері – Гавай аралындағы ГонолУлу қаласының тұрғындарына, мерекелік кеш сыйлауға ниетті. Сонымен қатар, әнші 24 мың адамды тегін тамақтандыруды көздеп отыр. Бұл санды таңдауына серінің 2016 жылы жарық көрген «24K Magic» альбомы себеп болса керек. Аталмыш шараны АҚШ елі 22-қараша күні атап өтеді