Отандық өнерпаздардың корейлік әріптестері - BTS болса, үлкен сахнадан кетуге әлі асықпайды! Әйгілі бойзбенд жаңа турнесі аясында, күншығыс елінде жеке кешін дүркірете өткізді!
Алайда танымал ұжымның дәл осы концерті болмай қалуы да мүмкін еді. Даудың басы - Чиминнің ядролық бомбаның суреті бейнеленген жейдесінен туды. Киімнен астар іздеген БАҚ өкілдері, бойзбендті жергілікті телебағдарламаға да қатыстырмай қойған.
BTS жанкүйері:
- BTS-тың суретке бола, бағдарламаға қатыса алмай қалғандары барша «Армидің» көңілін түсірді.
Тіпті концертке санаулы сәттер қалғанда да, BTS-ке қарсылық білдіргендер табылды. Мәселен, кейбіреулер ән кеші өтетін стадионның дәл алдында наразылық акциясына шыққан.
-Біз бұны кешіре алмаймыз! Кешірмеуіміз керек!
Жапон жұртының ашуын туғызған келеңсіз жағдайға қатысты, BTS мүшелері өз тарапынан кешірім сұрады. Бұл жайтқа ұжым стилистінің білместігі себеп болды деп ақталды өнерпаздар.
BTS жанкүйері:
-Меніңше, олар әдейі дәл осындай жеңіл жейде кимеді. Сәйкестік болар. Бойзбендтің стилистері де болған оқиғаға байланысты түсінік берді. Сондықтан, Жапонияны жек көргендіктен мұндай қадамға барды деп ойлау дұрыс емес.
Иә, дәл осы ұстанымды жақтайтын жапондық «Арми» үшін BTS-тің жеке кешіне бармай қалу – қылмыспен тең. Осылайша, түрлі қиындықтарға қарамай, k-pop орындаушылар залды лық толтырып, Токиодағы концертін ойдағыдай атқарып шықты.