Отандық өнер өкілдері болса, гендерлік теңдік емес, жаңа тренд - 90-шы жылдардағы киім үлгілерін талқыға салды. Мәселен, «Найнти уан» бастаған кейбір жұлдыздарға ата-анасының жас кезіндегідей киіну ұнап жатқандай!
Үйдегі ескі фотолардан көріп, жадымызда жатталған киімдер бүгін сәнде! Тренд талабы бойынша, 90-жылдардағы үлгілер қайта оралды.
Бота Бақытжан, дизайнер:
-Трендтер олар әрдайым қайталанып тұратын нәрсе. Алдыңғы жылы 80-жылдар сәнде болса, бұл жылы 90-жылдар сәнде. Бұл «үлкен, большие плечи дейді ғой, оверсайз, грандж, кроссовки,» соның барлығы қазір сәнге қайтадан еніп жатыр, меніңше ол өте әдемі келтіріп жатыр дизайнерлер.
Дәл, осылай шетелдік әріптестері көтерген бастаманы отандық шеберлер де қолдауда. Мәселен, жуырда ғана Қорлан Мәди мен Аида Кәуменова 90-шы жылдарға сай топтамасын таныстырған еді.
Қорлан Мәди, сәнбике:
-Мақсатымыз – 90-жылдардағы аяқ киімдерді қайта жаңғырту болды. Ал тұтынушы ретінде, жаңа тренд отандық жұлдыздарға да ұнап жатқандай.
«Ninety one» тобы:
00:04:00 Біз өзіміз тоқсаныншы жылдары туылғандықтан, ол кезде тым кішкентай болдық та, ол жердің сәні мен дәмін татып көрмедік та. Бірақ та, ол мода қайтып оралып жатқаннан кейін, біз туылған жылы не болды екен деп қайтадан кие аламыз. Сондықтан, рахмет моданы бастап таратып жатқан адамдарға.
Өткеннің сәніне қайтадан жан бітірген дизайнерлерге, Дана Кентайдың да айтар алғысы зор.
Дана Кентай, әнші:
-Мен осы 2-3 күн бұрын ғана шоппинг жасадым. Бүкіл киімдерді сондай қылып алдым. Жаңағы «берет, сондай очкилер, шапкалар, юбкалар» әсіресе маған ұнағаны ұзындығы. Өзімді сол заманға кетіп қалғандай сезіндім. Бірақ өте сәнді, өте күшті.
Трендтердің де жыл құсындай қайта айналып келеріне көзі жеткен жұлдыздар, киімдерін сақтап қоятын болып келісті.