Ақбота Айдарқұлова! Иә, ұзақ уақыт ойланған атышулы әнші соңында отағасының тегін таңдапты. Экс-Сейітмағамбеттің құжатындағы ресми өзгерісті Дәуреннің өзі телеграм желісі арқылы хабарлаған. Көпшілігі Ақбота Сейітмағамбеттің, 2018-ші жылдың 1-ші маусымнан бастап тегін өзгерткенінен бейхабар. Бұдан былай Айдарқұлова Ақбота Абайқызы болмақ.
Дәл осындай жазба қалдырған Дәурен, жұбайының тегін өзгертуін өзі сұраған. Алдағы уақытта Айдарқұлова ел алдына тек «Ақбота-Нұр» атымен шығатын болыпты. Бұл ерлі-зайыптылардың ортақ шешімі.
Мәдина тегін өзгерту туралы ниетін керісінше жолдасына өзі білдіріпті. Отағасы Олжас рұқсатын бергенде, Сәдуақасованың фамилиясы Смағұловаға ауысатын еді.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Сен документтеріңді қанша өзгертсең де, халық үшін Мадина Садуақасова болып қаласың. Сондықтан, не үшін қағаз үшін бе, не қажеті бар? Сенің өзіңнің тегіңде қала бергенің дұрыс деп өзі айтты.
Сиви бикеш сүйгені Аңсармен некесін қидырған күннен бері, ерлі-зайыптылардың арасында мұндай сұрақ мүлде туындамаған.
Сиви Махмуди, әнші:
-Мен әкемнің жалғыз қызымен, ерке. Сол себепті әкемнің фамилиясында қалғым келді. Ал жолдасыма келетін болсақ, жолдасымның әкесі жоқ кішкентай кезінен. Сол себепті күйеуімді ренжітіп аламын деп ойламаймын. Өйткені ол кішкентайынан сондайға үйреніп қалған.
Бұл тақырып тұрмысқа шықпағандарды да толғандырады! Мәселен, «Асыл» тобындағы Ақерке Бүркітбай болашақ күйеу жігіттің айтқанына көнетінін жасырмайды.
Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:
-Сен менің фамилиямды ал десе, әрине мен келісемін!
Баян ханым да отағасының көңілін қалдырмайды. Мұхитденова, кейін экс-Есентаева, қазір Алагөзова атанды.