Әділдік үшін айқасатын Бетмэннің рөлі арқылы елге танылған Бен Аффлек, маскүнемдікпен күресіп жүр. Әйгілі актер арнайы емделу орталығына қайта оралуға мәжбүр болған. Жанкүйерлері Бенді ішімдікке салынып кетті деп топшылайды.
Бен Аффлек шығармашылығын қолға алып, кезекті фильмге түсуге қызу дайындыққа кіріскен еді. Бірнеше ай бұрын ғана маскүнемдіктен арылу үшін ем қабылдаған актер, ішімдікке қайта салынған. Танымал жұлдыз енді 40 күн бойы дәрігерлердің қарауында болмақ. Себебі, Аффлектің ащы суға құмарлығы, денсаулығына зиян келтірген.
Кайли Миноуг та жеке өмірін жайластырып жүр. Елу жасқа келген әнші жаңа ғашығын көпшілікке ресми түрде таныстырды. Өнерлі бикеш британдық «GQ» журналының директоры - Пол Соломонсонмен көңіл қосқан. Бұл жұп бір жылдан бері бірге. Инстаграм парақшасында сүйіктісінің фотосымен бөліскен Кайли, енді қалыңдық атануды көздейді.
«Гарри Поттер» фильмінің авторы Джоан Роулинг көмекшісін сотқа берді. Британдық жазушы, қызметішісі Аманда Дональдсонды 30 мың доллар қаражат пен бағалы асыл тастарымды жымқырды деп айыптауда. 53-ке келген кинопродюсер мен Аманда үш жыл бірге жұмыс істепті. Алайда, бикеш дөрекі қылықтары үшін қызметіннен босатылған екен.