Селин Дион тұтқынға түсті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Канадалық әнші Селин Дионды полиция тұтқынға алды! Жұлдыз сюжеты дәл осындай бейнеролик арқылы су жаңа киім үлгілерін таныстырды. Бұдан былай Селин сән әлемінде де бағын сынап көрмек.

«Célinununu» деген атауға ие болған топтама – гендерлік теңдікке негізделген балалар үлгісінен құралған. Ондағы жеңіл жейде, күртеше сынды киімдердің бағасы 42 доллардан бастап, 161 долларға дейін тұрады. Селин Дион жаңа туындылары арқылы, балаларды қалыптасқан қағидалардан тыс еркін өмір сүре білуге шақырмақ.