Дәл осы Q-pop дәуірі қанша уақытқа дейін созылмақ?! Үш жыл бұрын пайда болған жанрдың басты ерекшелігі – ұстанатын стилі. Ал бүгінгі сахнаны қаумалаған жас топтар түрлі-түсті шашпен ұзақ жүруді көздейді ме?
Қазақтың поп музыкасын насихаттап жүргендердің бірі – «EQ» тобы. Талантты жігіттер алғашқыда Есболат Беделханның «Black Dail» ұжымында өнер көрсеткен еді. Бүгінде жеке шыққан Esko мен Tiko, q-pop жанрын таңдағандарына еш өкінбейді.
EQ тобы:
-Біздің жасап жасаған толқынымызды әлі жалғастырушылар болады. Өйткені біздің алдымызға дейін көптеген толқын таратушы өнер иелері болды. Яғни өнер адамдар беріп сыйлады. Сол арқылы біз кішігірм дүниелерді аламыз да өзіміздікін жасадық.
«EQ»-лік жігіттер кью-поп бағытында ұзақ жүре алмайтындарын жақсы түсінеді. Жастықтың алауынан шабыт алатын өнерпаздар үшін – мұның бәрі уақытша.
EQ тобы:
-Біз мәңгі шашымызды бояп жүрмейміз. Кез-келген нәрсенің соңы бар. Десек те бұл жанр мен үшін шексіз. Бірақ мен үшін өнер белгілі бір уақытта тоқтайды, әрине. Ештеңе мәңгі емес.
Ал «Newton» тобының жігіттері болса, «EQ»-дің пікірімен мүлдем келіспейді. Әсіресе бойзбендтің рэп орындаушысы – Смит үшін өнерде шектеу жоқ. Мембер тіпті жасы келсе де, сахналық образынан бас тартпақ емес.
Newton тобы:
-Адамның ішкі жан-дүниемді қаласа, ел басып тастамайды ғой. Сондықтан мен қарсымын. Мен 40 жасымда жүріп мен шашымды бояғым келсе, бояймын. Шашың бояп, құлағың тесік болған ол 40 жаста қате деген, кешіріңіз мен келісе алмаймын.
Бүгінде q-pop бағытын ұстанатын топтар көбеймесе азаймақ емес. Талантты жастар бар мақсатымыз – қазақ әндерін заманауи бағытта дамыту дейді.