Мейіржан Төребаевтың жаңа ғашығы...

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұртастың әріптесі – Мейіржан Төребав та «Патрульдің» тағы бір мауысымын таспалап болып, енді иығынан жүк түскендей күй кешіп жүр. Тіпті, әзілкеш актер тағы бір ғашығын кездестірген көрінеді.

«Патруль» телехикаясының жұлдызы - Мейіржан Төребаев қолы қалт етсе, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған. Актер, толассыз түсірілімдерге қарамастан, дене шынықтыруға арнайы уақыт бөлуді - міндет санайды.

Мейіржан Төребаев, актер:

-Сол бос уақыт болса болды, барам сразу жүгірем. Бос уақыт болса болды зытам. Кешке дейін съемка бітсе, сағат онға, сағат алдыға дейін тренажерка ашық, соған барамын. Білмеймін, жақсы көрем бе, именно тренажеркаға, кроссфитке особый махаббатым бар да. Үйде бір махаббатым бар, мына тренажеркада бір махаббат бар.

Өзінің «екінші махаббатын» әзілкеш актер бала кезінде кезіктірген екен. Енді Мейіржан, Invictus фитнес орталығының тұрақты меймандарының бірі.

Мейіржан Төребаев, актер:

-Спортқа негізі үшінші класстан бастап бардым, самбо. Күреске бардым. Күреске екі жыл қатысып, ауырып қалдым пневманиямен, шамалдап қалдым да. Содан кейін әкем рұқсат бермеді самбоға баруға. Мен өзім папаға айтпай тренажерный залға кіріп кеттім.

Халық арасында полиция қызметкері ретінде жақсы жатталған актердың, «әріптестерінің» дене бітіміне қатысты айтары бар. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін артық салмаққа бола кінәлағанша, оларға жағдай жасауымыз керек дейді ол.

Мейіржан Төребаев, актер:

-Вообще негізі мен ойлаймын да, бүкіл полицияда жұмыс істейтін адамдар МВД, прокурор, финансовый полиция болсын, негізі любой тренажерный залға тегін жасауы керек те. Олардың айлығы көп емес негізі. Оларға государство төлеп, өздері любой уақытта кірсе болады. Солай жасау керек деп ойлаймын.

Мейіржанның физикалық даярлығын «Патруль-4» телехикаясы барысында біле аламыз. Су жаңа телетуынды бүгіннен бастап НТК арнасында 19.50-де көресетлімек.