Киберспорт пен q-pop өкілдері...

Сообщить о проблеме с эфиром

Киберспортта жағымды жаңалық! Елімізде компьютерлік ойындар енді, заң жүзінде - спорт түрі деп танылды. Алғаш рет халықаралық деңгейде өткен іс-шарада, Q-pop өкілдері де бой көрсетті. Өнерлі жастардың бұл салаға қызығушылығы қаншалықты?

Киберспорттан елімізде алғаш өткен сайыс, халықаралық чемпионатқа жолдама. Ауқымды іс-шараның мақсаты – Қазақстан намысын қоғайтын спортшыларды іріктеп, ең үздіктерін таңдау. Компьютерлік ойындардан бағын сынайтын қатысушыларға, барлығы 5,5 млн теңге жүлде қоры тағайындалған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт министрі:

-Киберспорт бүкіл дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, былайша айтқанда технология саласындағы спорт түрі. Қазір біз де киберспортты спорт түрінде, нақтылап, былайша айтқанда заңды түрде жолын белгіледік.

Жарыстың шымылдығы Зируза, EQ, Newton, AJ сынды Q-pop өкілдерінің арнайы фан-митингімен ашылды. Жастардың кумирлері деп таңдалған өнерпаздар, спортшыларға қолдау көрсетуге келген. «EQ»-лік жігіттер де өздерінің ойынға құмар болған сәттерін еске алды.

Esko, EQ

-Мен кішкентай кезімнен игроман болғам. Яғни, кішкентайымда маған компьютер алып бермеген уақыттарда, мен компьютерный клубтарға барып, «Counter Strike, GTA» кейде болады тіпті андай мотивация ретінде маған мектепті дұрыс оқысаң, мен саған әрбір бесіңе 50 теңге беретін боламын дейтін.

Newton тобының мемберлері де, бала күнінен бастап компьютерлік ойындарға құштар. Өнерге келмесек, бәлкім дәл осы жарыста бақ сынап отырар ма едік», - дейді серілер.

Shyn, Newton

- Әне призовойды көрдіңіз ба 5 млн доллар, ия сондай және Қытайға поездка. Егер оның арманы сондай болса, қазір заман басқа, киберспорт дамып жатыр. Мен он жыл бойы 19 жасыма дейін «Dota» ойнадым. Қазір уже группаға кіргеннен бері ойнамаймын.

Ал киберспорттан өткен турнирде 5 түрлі ойын бойынша, жеңімпаз атанған командалар 1,5 млн теңгеден еншіледі. Спортшылар енді келер жылы Қытайда өтетін әлемдік біріншілікке қатыспақ.