Әйгілі әнші Мадоннаға арнап, фильм таспаланды. 60 жасқа келген өнер иесінің шығармашылық жолы суреттелген лентаның алғашқы трейлері де жарыққа шықты.
Режиссер - Гай Гуидоның авторлығымен таспаланған биографиялық туындыда, көпке белгісіз биші Мадоннаның әншілікке қадам басып, танымалдылық тұғырына жету жолы баяндалады. Фильмде, Луизаның алғашқы махаббат хикаясы мен музыкаға деген құштарлығы суреттелген. Өнер иесінің ролін сомдау актриса - Дениза Юхосқа бұйырыпты. Лентаны көрермен келер жылы тамашалай алмақ.
Танымал сәнбике Жизель Бюндхен, «Victoria’s Secret»-тен неге кеткенін алғаш рет ашып айтты. Бикеш аталмыш брендпен 6 жылдан кейін, келісімшартты тоқтатқан. Себебі Жизель, ашық-шашық обзардарда өзін жайсыз сезінеді екен. Ару «Victoria» періштесі болған кезде, «әлемдегі ең қымбат сәнбикелер» көшін бастаған еді. Ал қазіргі таңда Кендалл Дженнер жылына 22 млн доллармен ең үздік деп танылып отыр.
Арнольд Шварценеггердің ұлы – Патрик, бүгінде көптеген арулардың арманына айналған. 25 жастағы сері, өзінің сүйіктісінің барын жасырып қалмақ болғанымен, үнемі папарацци көзіне түсіп жүр. Ол екі жылдан бері сәнбике Эбби Чемпионмен қарым-қатынаста екен. Патрик, әкесі сынды танымал актер болуды көздейді. Бүгінде түрлі картиналарда өзінің бағын сынап үлгерген.