«Бақытсыздар бағы» таңқалдыра ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинотеатрларға жол тартпаса да, НТК арнасы ұсынған «Бақытсыздар бағы» телехикаясы көптің көңілін жаулауға ниетті! Бүгінде жобаның жалғасын таспалап жатқан режиссерлар, келер маусым бұдан да қызық боларына уәде беріп отыр.

«Бақытсыздар бағы» хикаясындағы жағымсыз кейіпкердің бірі – Данияр. Бүгінде қызу түсірілімге кіріскен ол, актерларға арналған іріктеуден ұзақ өтіпті.

Еркебұлан Тоқтаров, актер:

-Өте қызықты өтіп жатыр. Шытырман оқиғалар өте көп. Өзіміз съемканы қойып, басқа персонаждар не болып жатқанын білмейміз. Мен мысалы, білмеймін. Өзім мысалы қызыға көремін съемкадан кейін үйге барып.

Еркебұланның да ет-жақындары аталмыш телехикаяны үзбей тамашалауды әдетке айналдырған. Алайда, оларды экраннан көрінетін туысы емес, бұл туындының тартымды сценариі көбірек қызықтырыпты.

Еркебұлан Тоқтаров, актер:

-Қызық нәрселерін сұрайды үйдегілер. Туысқандарым сұрайды «не болады, соңы қалай болады» деп. Бес-ақ серия көрсетсе де соңын сұрағасы келеді адамдар. Өте қызық болып жатыр адамдарға. 120 серия айтпаймын десем, «айтшы айтшы» деп қоймайды.

«Бақытсыздар бағы» көрерменнің көңілінен шығуы үшін, бүгінде бес түсірілім тобы күндіз-түні тынбай еңбектенуде. Одан бөлек, телехикаяның сценариін оннан астам автор жазып жатқан көрінеді.

Анаргүл Ыдырысова, режиссер:

-Актерлар, актрисалар ақырындап елге де танылып үлгерді. Және өздерінің сериалдағы тағдырымен де адамдарды еліктіріп жатыр. Енді біз шынайылыққа тырысып жатырмыз. Мені шақырып жатыр.

Ал, НТК ұсынған тың туынды дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 22:20-да арнамызда көрсетіледі! Қапы қалмаңыз!