Ақан Сатаев қанша миллион пайдаға кенелді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық прокатқа бір апта бұрын жол тартқан Ақан Сатаевтың - «Бизнесмены» картинасы өзге туындыларды шаң қаптырды. Көш басына жайғасқан танымал режиссердың лентасы 140 млн-ға жуық пайдаға кенелген.

Ticketon.kz -тың сараптамасы бойынша, өткен уик-эндте Ақан Сатаевтың 90-шы жылдардағы ахуалды суреттейтін «Бизнесмены» картинасы, 138 млн-мен бірінші орынға шықты. Қазақстандағы тоқырау кезеңін сипаттайтын фильм, үш достың дағдарыста табысқа кенелудің жолын іздеуі жайлы. Махаббат пен сатқындық қатар жүретін заманда, жігіттер еш қиындықтарға қарамастан алғашқы кәсіпкерлердің біріне айналады.

***

Әйгілі «Queen» тобы жайлы - «Богемалық рапсодия», 129 млн-нан аса пайдаға кенеліп, екінші сатыға жайғасты. Картинада аты аңызға айналған Фредди Меркьюридің өнер жолы баяндалған. Драма тарихта қалған музыканттардың, әлемге танылу үшін тыңбай еңбек еткенін де бейнелепті.

***

Үздік үштікте «Смолфут» анимациялық лентасы. Фэнтези жоба авторларына 87 млн қаржы алып келген. Ченнинг Татум, Джеймс Корден, Зендая сынды танымал актерлар дыбыстаған мультфильм - қар кейіпкерлері жайлы. Олардың бірі адаммен кездесіп қалады. Енді Мигоның басты мақсаты - өз көзімен көрген тірі жанның барын, жақындарына дәлелдеу.