Ninety onе сахнадан тыс қандай киім таңдайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Найнти уандық» мемберлер бастаған жұлдыздар сән шарасында жиналды! Фэшн кешке бұл жолы да, AZ Асияны ерте келген. Танымал жастар сахнадан тыс қандай стильде киінгенді жөн көреді?!

Танымалдар бас қосқан фэшн шарада «Найнти уандықтар» қадірлі меймандар қатарында. Кеште кью-поп өкілдері ашық-жарқын образдарымен бірден көзге түсті. Сөйтсек, мемберлер бұдан-былай күнделікті өмірде де, дәл осылай киінбек екен.

Ninety one тобы:

-Мен жүрем енді, осы курткамен қыс бойы. AZ мысалы қыс бойы осылай жүремін деп жатыр. Ол осы куртканы қыс үшін де алған болатын. Негізінде ол ойланып жүрген еді, қандай куртка алсам болады екен деп. Сол үшін осындай жағдай келіп қалды да, осы куртканы көріп, мәссаған деп алып алды. Сол үшін иә, қыста да жүреміз дәл осылай жылтыр боп.

Алайда, дәл осы күртешемен AZ-ден бұрын Филип Киркоров, гардеробын толықтырды. Сондықтан, биыл қыста қос әншіге бірдей болып жүруге тура келеді.

«Найнти уанмен» салыстырғанда, фэшн жиынның тағы бір қонағы - Гүлназ Жоланова жылтырақ киімдерді киюге аздап жүрексінеді екен.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Шыны керек, менің гардеробымдағы осындай жылтыр киімдер аз. Мынау біріншісі шығар. Білмеймін, дискотекаларға киюге болама, арнайы кештерге кимесем, былай күнделіктіге қатты жылтыр сияқты.

Сондықтан, актриса трендке бағынбай, тек өзіне ұнайтын киімді киеді. Жоланованың бұл пікірімен стилист, әрі сәнгер Бота Бақытжан да келісе кетті.

Бота Бақытжан, сәнгер:

-Ол әрине адамның өзіне байланысты, егер де ол жарқын, көзге түсетіндей киінуге қорықпаса, ол әрине ондай киімдерді кие береді. Ондай адамдар бізде бар, бірақ көпшілік емес.

«Өзіңді киген киіміңде сенімді сезіну маңызды. Алайда, кейбір әртістер стильдеріне өзгеріс енгізсе құп болар еді» дейді дизайнер.