Алматылық «Қайрат» болса, ең атақты футболшысының құрметіне қызықты акция өткізуде.
Үш маусым бойы клубта доп тепкен Аршавинмен қоштасу матчына, «Андрей» есімді жанкүйерлерге кіру тегін болмақ. Бұл шара 11-қараша күні «Қайрат» пен «Шахтер» арасында өтетін ойынға орай ұйымдастырылған. Келуші тек Орталық Стадионның кассасына барып, төлқұжатын көрсетіп өзінің аты «Андрей» екенін дәлелдесе болғаны.
Ресейлік легионер - «Қайрат» сапында 100 ден аса матч өткізіп, 30 гол соққан аяқдопшы. Андрей Аршавин үш мәрте ел чемпионатының күміс жүлдесін еншілеп, Қазақстанның Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.