Mad Men тобында өзгеріс! Бес жігіттен тұратын бойзбенд әріптестері - Тиммен қош айтысты. Есесіне, Ерасыл есімді талантты өнерпаз ұжымның мүшесі атанып үлгерген. Топтағы ауыс-түйіске не себеп болды?
«МэдМендіктер» Алматылық «толқындарымен» алғаш рет жүздесті. Арнайы фан-митинг ұйымдастырған мемберлер, фанаттарына арналған кездесуді тегін өткізуді жөн санапты. 500-ден аса жанкүйер жинаған жігіттердің бөлісер жаңалықтары да молынан екен.
Mad Men тобы:
-Бүгін бізде екі жаңалық болды. Біреуі жақсы, біреуі кішкене жағымсыздау. Біздің топтан Тим деген қатысушы кетіп қалды. Және де бір жақсы жаңалық, бізге тағы да бір бала қосылды. Есімі - Ерасыл.
Ерасыл жарты жыл бойы Mad Men жігіттерімен бір продюсерлық орталықта дайындалды. О бастан, талантты жігіт басқа топта өнер көрсетуі тиіс еді.
Ерасыл Әбдіралиев, Mad Men тобының мүшесі:
-Мен дебютымды басқаша елестеткен едім. Маған ұсыныс түскенде мен бірден келістім, себебі әртістің өмірін, сахнаны қатты ұнатамын.
Тимның топтан кетуі, өзге мүшелерге де жаңалық болды. Мадменнің жігіттері әншіліктен бөлек, биден де сабақ береді. Олар, қосалқы құрамға деп оқушылардың ішінен, үздіктерін бақылап жүреді екен.
Mad Men тобы:
- Шыны керек біз қатты күрсініп мұнайған жоқпыз.*Біздің студияда стажерлар бар үйретіп жүрген. Бәрінен қатты результаттар көрсетіп жүрген. Жақсы ән айтады, жақсы билейді. Сондықтан осындай жағдай болып қалғандықтан Ерасылды алдық.
Тимурдың мұндай шешімге келуінің өзіндік себептері бар. Топта өзін жайсыз сезінген өнерпаз, сахнаға да сыймадым дейді.
Тимур Құрманғалиев, Mad Men тобының экс-мүшесі
-Сахнада тұрып өнер көрсеткенге ештеңе жетпейді. Бірақ бұл менікі емес екен. Әнді шырқау мен трек жазу мен үшін екі түрлі нәрсе екенін түсіндім. Мен ән айтқанша, трек жазуды қолға аламын.
Тим енді Mad Men ұжымының музыкалық продюсері атанбақ. Осылайша өнерпаз бала, бойзбендпен жұмысын әрі қарай жалғастырмақ ниетте.