Жұлдызды балалардың достығы.

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнерде аға-іні ретінде сыйласатын Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртас отбасылық байланыстың да іргетасын қалауды құп көрген. Қос хитменнің қарым-қатынасын енді ұлдары жалғастырмақ. Желіге жүктелген шағын роликте жұлдызды балалардың өзара достығы анық байқалады.

Бұл видеода Қайрат ізбасары Нарұлмен, Мейрамбектің мұрагері Әбухайырға ыстық сәлемін жолдауда. Ал, жұлдызды балалардың айнымас достығына өнердегі әкелерінің сыйластығы басты себеп.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Біздің өз арамызда береке-бірлік, ағалық және інілік ізет деген бар. Мен мысалы Мейрамбек, Сәкен, Саят ағаларымның алдына шықпағанмын.

Әйгілі АБК-ның да ұл-қыздары бала кезден бірге өскен. Бірақ соңғы жылдары Қыдырәлінің тұңғышы Бекболат пен Медеудің ұлы Дәулеттің қарым-қатынасы бұрынғыдай емес екен.

Дәулет Арынбаев, М. Арынбаевтың ұлы:

-Онша араласпаймын. Ол Астанада, мен Алматыда. Кішкентай кезде ғана дос болғанбыз. Қазір араласпаймыз!

Медеу мырза бұл олқылықты орнын толтыруға ниетті. Арынбаев алдағы уақытта әке достығын перзенті жалғастырса дейді.

Медеу Арынбаев, әнші:

-Жалғасады. Хабарласып тұрады. Сыйлайды. Одан кейін менің достарымның ұлдары бар. Менің қызым менің достарымның қыздарымен... Жеңіс Сейдоллаұлының қызы екеуі қатты араласады.

Иә, қазіргі таңда әркім өз жолын таңдағанымен, кезінде Зарина Омарова, Әли Оқапов, Диас Аблаевтың да балалық шағы бірге өткен.

Зарина Омарова, әнші:

-Роза апамыз Әлиді алып жүретін. Нағима апамыз, Мәдина Ералиева балаларын алып жүретін. Енді барлығымыз кішкентай болсақ та, барлығымыз акт залда күтіп отыратынбыз. Бір жерде ұйықтап қалатынбыз.

Сондай-ақ, Айгүл Иманбаеваның ұлы мен Жанар Айжанованың қызы жұлдызды патилерде бірге жиі бой көрсетеді.