Головкин болса IBF-тің жаңарған рейтингінде үздік ондыққа да іліне алмады. Таяуда ғана осы тұжырымның чемпионы болған Геннадийден, басшылары белбеуді тартып алған еді. Енді мықтылардың арасынан ТриплДжиді алып тастауы, жанкүйерлердің ашуын туғызуда.
Головкин сезініші раунда техникалық нокаутпен Давид Лемьені ұтқан соң, 2015-2018 жылдар аралығында IBF ұйымының чемпионы болды. Биыл 3-қыркүйекке дейін украиндық боксшы Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге хат жүзінде келісім бермеуін сылтауратқан IBF тұжырымы, Генадан белбеуді тартып алған еді. 27-қазанда Дэниэл Джейкобс пен Сергей Деревянченко айқасында бұл титул сарапқа салынып, АҚШ боксшысы чемпион атанады!
Осылайша IBF тұжырымының жаңарған рейтингінде Головкинге 11-орын бұйырған. Чемпион Джейкобс көш бастап тұрса, кезінде Геннадийден уақытынан бұрын ұтылған Мартин Мюррей мен Давид Лемье секілді боксшылар үздік ондықтың ішінде жүр. Бұл тізімді көрген кейбір спорт жанкүйерлері әділетсіздік екенін алға тартып, өз наразылықтарын білдіруде.
Головкиннен нокаутпен жеңіліс тапқан тағы бір боксшы оны реваншқа шақырды. Доминик Уэйд 2016 жылы сәуірде Геннадийге қарсы жекпе-жектің екінші раундында-ақ ұтылған болатын. Араға 2,5 жыл салып америкалық боксшы кәсіпқой рингке қайта оралмақ. АҚШ спортшысы енді Альварес, Головкин, Джейкобс, Чарло, Андраде сынды үздіктермен айқасудан дәмелі.
Головкиннің промоутері келшек жоспарының шет жағасын айтты. Геннадий 2019 жылдың көктемінде Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жеңімпазы Каллум Смитпен айқасуы бек мүмкін. Британдық былғары қолғап шеберінің - 25 жеңісі мен 18 нокауты бар. Бұл жекпе-жекте жұлдызды жерлесіміз жеңіске жетіп жатса, «Головкин – Альварес-3» өтетін күн де алыс емес секілді.