Дәл осы биллборд чартының көшінен табылған әншілердің музыкалық продюсері - Дэвид Гетта, бүгін 51 жасқа толды. 2011 жылы «әлемдегі ең үздік диджей» атанған өнер өкілі, тұғырынан әлі тайған жоқ.
Дэвид, музыкаға 17 жасынан бастап келген. Француздық талантты жігіт, Париж қаласындағы түнгі клубтардың бірінде диджейдің қызметін атқарып жүріп, өнердің шыңын бағындыруға кіріседі. Ал 20 жасында, хаус жанрын таңдап, өзінің жеке кештерін өткізе бастаған. Музыкант осылайша аудиториясын кеңейте түседі.
Дэвидтің алғашқы «Just a Little More Love» атты әнжинағы 2002 жылы жарық көріп, 300 мыңға жуық данасы сатылып кетеді. Бұл альбомды ол, әнші Крис Уиллиспен бірігіп жазған.
Жетістікке бірден жеткен диджей, Jessie J, The Black Eyed Peas, Биби Рекса, Рианна, Эйкон, Лил Уэйн, Мадонна, Pitbull, Lady Gaga және Ники Минаж сынды танымал әншілердің тректерінің хитке айналуына үлес қосқан.
«52-ші Грэммидің» бірден 4 марапатын еншілен өнер иесі, 51 жасқа келсе де, тыңдармандарын өз музыкасымен әлі де таң қалдыруда.