Отандық өнер иелері «әншіліктен өзге, ел естімеген ерекше қабілетіміз жетерлік» дейді. Мысалы, битбокс арқылы «Қамажайды» орындау немесе сальто жасау Зируза сынды жас таланттарға түк емес көрінеді.
Әнді өзгелерге қарағанда ерекше орындау – Зирузаның көпке таңсықтау қабілетінің бірі. Жанкүйерлері арасында «кью-поп ханшайымы» атанған ол, бұл артықшылығын жасырған емес.
Ziruza, әнші:
-Мүмкін бір сұхбатта айтқан болатынмын, былай аузыма ауаны толтырып, яғни аузымды ашпай ән айта аламын деп. Жалпы достарым біледі қалай айта алатынымды, бірақ осылай камераның алдында айтып көрген емеспін.
Зирузаға қарағанда, оның өнердегі әріптестері ерекше қабілетін ел алдында көрсетуде қымсымбайды. «Кристалздық» арулар битбокстың хас шебері болып шықты.
«Crystalz» тобы:
-Мысалы, бізде Дананың актерлік шеберлігі жоғары. Ол еще битбокспен жасай алады «Қамажай». Мен битбокспен өзім жеті жыл айналысқан болатынмын. Сол қазір жасаймын. Негізі ол қалжың жеті жыл айналыспады, ойнап айтты.
«Кристалздықтар» сынды әзілге жақын екенін білдірген Мәди Рымбаев та, таланты жайлы тақырыпқа келгенде қол қусырып қалмақ емес. Өнер иесі, музыкадан өзге спортпен де айналысады екен.
Мәди Рымбаев, әнші:
-Мен пианистпін. Қазір барлығы билей алады, былай-былай ойнай алады фонода. Мысалы, мен сальто жасай аламын. Бірақ, қазір жасамаймын кешіріңіз.
Айри жақындарын дәмді тамақ әзірлеп, қуантудан жалықпайды. Соған қарамастан, жанкүйерлерінің біразы білместікпен, өнерпазды ас үйге жақын емессің деп сөгетін көрінеді.
Ayree, әнші:
-Иә, мен тамақты жақсы пісіремін, жалпы. Ол енді әр қызға ұят қой, тамақ пісірмесе.
Алайда, ең басты қабілетім ән салу болғандықтан, тамақты да әуелете жүріп әзірлеймін дейді ол.