Шетел жаңалықтары: Ариане Гранденің ғашықтары жайлы әні!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Ариане Гранде болса, экс-сүйіктілеріне алғысын жаудыруда. «Thank U, Next» трегінде тіпті, бұрынғы ғашықтарының есімдерін кезек-кезек атап өткен. Бикештің бұл шығармашылық жаңалығының астарында не жатыр?

Ариане Гранде 25-ке келген шағында тұрмысқа шығып, отанасы атануға ниеттенген еді. Алайда, арудың сөз байласқан ғашығы Пит Дэвидсонмен жұбы жараспай, қос жұлдыз ажырасып тынды. Енді, ақ келін атану арманына жете алмаған Гранде, «Thank U, Next» трегінде жігіттерінің барлығын есіне алады. Онда Питтен бастап, Биг Шон, Рики Альварес, тіпті бақилық болған Мак Миллердің атын әнге қосқан.

***

Бір жыл бұрын ажырасқан Крис Прэтт пен Анна Фарис, бір-бірінен алшақ кете алмай жүр! Актерлар өзара ренішке қарамастан, 6 жасар ұлдары Джек үшін, ортақ келісімшарт жасаған. Бұл құжат атұстарлары мектепті бітіргенше өз күшінде болмақ. Ал егер, жұлдыздар ұзақ уақытқа басқа елге аттанған жағдайда, қағаз жүзінде қолхат қалдыруы тиіс.

***

Меган Маркл мен Гарри Ханзада әлі дүниеге келмеген сәбилерінің қамын күйттеп жүр. Патша әулетінің келіні қай емханада босанатынын алдын-ала жоспарлап қойыпты. Ақсүйектер, «Әулие Мария» перзентханасын қолайлы деп санаған. Бұған дейін бір бөлмесі - 10 мың АҚШ доллары тұратын аталмыш емханада, Кейт Мидлтон балаларын дүниеге әкелген еді