«Мадмендіктер» топ құрамын жаңғыртып әлекке түсіп жатқанда, олардың корейлік әріптестері әсем әуенімен әлемді жаулауда! BTS бойзбенді күншығыс еліндегі АРМИ-ге арнайы ән тарту етті! Кей-поп орындаушылар «AIRPLANE PT. 2» атты трегін жапондық нұсқада орындап, бейнебаян ұсынды.
Еске салсақ, BTS-тіктер дәл қазір әлемдік турнесін жалғастыруда. Корейлік ұжым 13-ші және 14-ші қараша күндері Токио қаласында жапондық жанкүйерлері алдында өнер көрсетпек.