Жұлдыздарды шаршатқан сауал

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр әні хит болып, айтқаны Қазнеттің қызу талқысына түсетін Ерке Есмахан, желіде өзіне жолданған сауалдарға жауап бермеуді әдетке айналдырған. «Хайп ханшайымының» бұл қылығының ар жағында «жұлдызды дерттің» белгісі бар ма?

«Қайда» хит болғалы, Ерке қыздың атағы аспандап, қаламақысы да қымбаттай түскені рас. Тосыннан танымалдылыққа тап болған бикештен, шығармашылық сәттілік әкелген әні туралы сұрасаңыз, жауап ала алмайсыз!

Ерке Есмахан, әнші:

-Мен айтам да енді не айта беремін? Ана жерге барам да соны айтам, мына жерге барам да соны айтам. Ол деген болмайды ғой. Жүрген жерімде мен бүгін бүйіттім, кеше сүйттім деген болмайды. Анти пиар болып кетпесе екен деп, ниет болды менде.

Десек те, сұхбаттан бас тартып, оқырмандар сауалын құлаққа ілмеу «жұлдызды дерттің» белгісі емес пе?

Ерке Есмахан, әнші:

-Мен өзім өзгермесем де, маған деген жан-жағымдағы қарым-қатынас өзгерді. Мен өзім қуаныштымын. Бірақ енді асып-тасып бара жатқан ештеңем жоқ. Сол баяғы Еркемін. Ешқандай да бір өзгеріске ұшыраған ештеңем жоқ!

Шахизаданы шаршатқан сұрақ - әншінің сәтсіз некесі турасында!

Шахизада, әнші:

-«Неге жалғызсыз?» деген сауал көп қойылады. «Жолдасыңыз қайда?» деген әңгімелер көп қойылады. Менің жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмау керек деп айтамын. Сосын ондай сұрақ келген кезде, «ұзақ командировкаға кетті» деймін де отыра беремін. Келмейді!

Иә, желідегілерді қызықтырған - жұлдыздардың жеке өмірі! Кезінде бұл сауал Төреғалиды да мезі еткені есімізде.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Бір журналистің алдына келе қалсаң, үйленгеніңізді неге жасырасыз? Қашан айтасыз? Әлі бойдақсыз ба..?!

Қазіргі таңда Төрештің Толқыны жанында! Бүгінде сері жігіт жұбайы жайлы сауалға еш сескенбестен жауап беруге әзір.