Қолжетімді жұлдыздар деген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрын әртістерді көк жәшіктен ғана көретін едік. Қазір кез-келген танымалға желі арқылы жекелей сауал жолдап, ұнамаса жағымсыз жазба қалдыруға болады. Ғаламтордың дамыған заманында, сүйікті кумирді – қолжетімді жұлдызға айналдырып алған жоқпыз ба?

Жұлдызды кештердегі бас қосуда әртістердің өзара әңгімесінен гөрі, телефонған телміргенін жиі байқаймыз! Өйткені миллиондаған оқырманы бар өнерпаздар әр қадамын желіге жүктеп, инстаграм арқылы елге есеп беруді әдетке айналдырған.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Көбісі келген бойда билеп жатса да түсіріп жатады. Ішіп отырса да... Кейде ойлаймын, соның қажеті не? Ол қалыпты жағдай. Қалыпты жағдайды көрсете берудің қажеті жоқ.

Саусақтарын смартфоннан бір секундқа алшақтатпайтын өнер өкілдерінің жұрттан жасырар жұмбағы қалмаған секілді.

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Құпия жоғалып кетті... Бұрын мысалға6 халық өзінінің сүйікті әртісін, әншісін теледидардан көріп, олардың фотоларын, афишаларын қойып, сондай керемет заман болды.

Ал миллионнан астам оқырманы бар Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегілермен жиі сырласады. Әсіресе, әншінің жеке өміріндегі келеңсіз кезеңдерде рухани қолдау көрсеткен дәл осы инста-әлемдегі жанашылары екен.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Ең бастысы бақытыма шектеу қоймайтын менің халқым бар. Халық қолдап жатыр. Халық махаббатын сыйлап жатыр. Өнер адамы ретінде осындай бір қиын кездерде мені әрдайым қолпаштап, сағымның сынбауына себепкер бірден-бір халық. Сондықтан мен мұның барлығын қатты бағалаймын!

Иә, өнерпаз үшін бұдан артық бақыттың болуы да мүмкін емес. Сондықтан, кумирге құштарлық пен тыңдарманға деген құрметтің саябырсып қалмасы анық!