Бес ай бұрын тұңғышын дүниеге әкелген Ева Лонгория қайырымдылыққа қайта кірісті! Декреттік демалысын көпсінген актриса өнердегі жақындарын жинап, кезекті Foundation Dinner Gala кешін өткізді.
Игі мақсатты мұрындық еткен бас қосуға Еванының құрбылары Зое Салдана, Джина Родригес пен Розарио Доусон да қатысты. Еске салсақ, алтыншы рет ұйымдастырылған кеш – латынамерикалық мұқтаж жандардың
білім алу бағдарламасын қаржыландыруға бағытталған.
Ева Лонгория, актриса:
-Игі іс жасау үшін бай болу керек деген қате ұғым. Себебі, қайырымдылық ұйымдардың көбі қарапайым еріктілердің арқасында өмір сүруде. Бастысы – ниет. Сондықтан, ештеңеге қарамастан жақсылыққа жақын болайық.