Қайраттың анасы әлеуметтік желідегі жат қылықтары үшін жұртқа жақпай қалды. Хэйтерлерінің әр жазбасын жауапсыз қалдырмайтын Гүлзира ханым, оқырмандарымен жиі жанжалдасатын болған. Жалпы, танымалдар инста-әлемдегі этика жайлы не біледі?
Гүлзира ханымның кез-келген қадамы – бір жарым миллионға жуық оқырманның жіті қадағалауында. Әр сәтін желіге жүктейтін продюсер, оқырмандарымен жиі айқасып қалады екен. Соңғы рет, хейтерлер «неге жасыңызға сай киінбейсіз», деп сынаған.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Әрқашанда жабық киінуге тырысамын. Ашық-шашық киіндім деп айта алмаймын. Сондықтан да кім не демейді. Әркім әртүрлі айтады. Оның барлық айтқанын орындау мүмкін емес!
Иә, Айдарбекованың ашуына тигендерге қарымтасын беріп, сын айтқандарды желі арқылы сабасына түсіретіні бар. Ал, Динара Сәтжанның сөзінше, жағымсыз пікір жазғандармен жанжалдасу - инстаграм этикасына жат!
Динара Сәтжан, тележүргізуші:
-Хэйтерлер дейді, жақсы көретін адамдар бар. Олардың барлығын сыйлау керек. Олармен ұрыспай... Өйткені ол, әлеуметтік желілерге кірсең, сен бәріне дайын болу керексің!
Кезінде Есболаттың да оқырмандардың құйтырқы сауалына жауап жазып, талай сөзге қалғаны есінде. Бірақ кіші Беделхан инста-әлемде жіберген ағаттығын, дер кезінде ауыздықтай білген. «Ордалық» әншінің қазіргі таңда хэйтерлерге қарсы қолданар қаруы тым басқа!
Есболат Беделхан, әнші, продюсер:
-Біріншіден ондай негативті комментарийлерді аңғармау керек, көңіл бөлмеу керек. Ол өте жақсы жауап болады. Көңіл бөлген жағдайда жаңағы жаман пікірлер іске асады, тіріледі. Сосын ары қарай өріп жүре береді.
Ғаламатор дамыса да, желідегі этика қағидалары әлі де сақталмай келеді.