Қайрат Нұртас концертіне немқұрайлы қарай ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде Қайрат Нұртас ұсынған әр жоба жаңашылдыққа тұнып тұратын еді. Бірақ соңғы кездері хитменнің командасында бұрынғы белсенділік бәсеңси бастағандай. Мәселен, жуырда жоспарланған концертінің афишасы ілінгенімен, Қайрат ән кешіне әзірлікті әлі бастамапты.

Бұрындары әр концертіне жарты жыл бұрын жарнама жасап, тыңдарманы тағатсыздана тосатын шоуға тыңғылықты дайындалатын Қайрат қазір өзгерген. Хитмен үш мың орындық зәулім сарайдағы кеші жайлы афишасын жуырда жариялаған. Немқұрайлық танытқан Нұртастың ұлы, бірде-бір әзірлікті де қолға алмапты. Ал, белгіленген күн қыр астында!

Қайрат Нұртас, әнші:

-Дайындық әлі жүріп жатқан жоқ шынымды айтсам. Негізінде аяқ астынан бір апта дайындық жасап, фишкалар табамыз ғой...

Қайрат күні кеше жаңа үнтаспасының тұсауын кесті. Жиырмаға жуық тректерді тоғыстырған күйтабақ - табысқа кенелудің көзі ме?

Қайрат Нұртас, әнші:

-Жоқ! Енді менің қаржы жағына ешқандай қатысым жоқ! Оның барлығын анам өздері жасап жатады. Сондықтан қай жақтан қаржы түседі, неден қаржы түсетінін мен білмеймін!

Иә, отандық шоу-бизнесте альбом сатып, мол ақшаға кенелу мүмкін емес. Сондықтан Қайраттың командасы тойдан тапқан қомақты қаржыны шығармашылыққа жұмсап, тіпті шәкірт тәрбиелеуге көшкен.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Өнерде қалай жүру керек, қалай ән салу керек, қалай әнді таңдап айту керек. Сол жағынан сәл-сәл үйретіп кететін ойым бар. Тек қана бұл жерден ән салып қана шықпай, өзіме ұнаған балаларды ән жаздырып, аранжировкасын істетіп сахнаға шығу деген ойым бар!

Әдетте, ән кешіне отбасының барлық мүшесін қатыстыратын Қайрат, бұл жолы жанұясындағы нәзік жандыларды тізімге қоспаған. Өйткені, жұбайы Жұлдыздың жұмыс кестесі сәйкес келмеген, қыздары болса сабақта. Тек ерлерден тұратын шоу «Нағыз еркек» деп аталады.