Ал инстаграм Нұртас Адамбай үшін шығармашылық жаңалықтарымен бөлісетін алаң. Ол санаулы сағаттар бұрын «Құдалар» атты картинасының трейлерін желіге жүктеді.
Нұртас режиссерлық еткен фильмде шымкенттік жігіт пен алматылық арудың махаббатын және бірден тіл табыса алмаған жаңа құдалардың арасындағы текетірес суреттеледі. Күйеу жігіттің ата-анасы қазақы салт-дәстүрді берік ұстанған жандар болса, қалыңдық жақ - қалалықтар!
Кино әлемінде көпшілікке Сәбина келін арқылы кеңінен танылған Нұртас, бұл жобада Жаннэт есімді егде жастағы әйелдің образында.
Нұртас Адамбай, актер, режиссер:
-Ғаламторда түрлі пікірлерді оқимын. Біреулер: «Ой, әйелдің киімін киіп алыпты. Ұят емес пе?» - деген сияқты жазба қалдырады. Әзілге жақын адамдар, менің кейіпкерімді түсінеді. Бұл менің образым. Ал ұнамаса, қарамасын!
«Құдалар» комедиясы жаңа жыл қарсаңында үлкен экранға жол тартпақ