Фэшн-уиктің ұсынар жаңалығы мұнымен толастамақ емес! Сән салтанаты аясында ерекше коллаборациямен көзге түскендер де табылды. Дизайнер Аида Кәуменова мен сәнбике Қорлан Мәди бірлесе әзірлеген топтамасын таныстырды. Бұл серіктестік қаншалықты оң нәтиже бере алды?
Сәнгер Аида Кәуменова әдетте шығармашылығына өзге адамдардың араласқанын қалмайды. Алайда, топтамасына жаңа леп әкелмек болды ма, сәнгер Қорлан Мәдидің көмегіне жүгінгенді жөн көріпті.
Аида Кәуменова, «Aida KaumeNOVA» маркасының иегері:
- Біз өзіміздің топтамамызды жасағанда тек қана трендтік заңдарына қарап жасаймыз өзіміздің топтамамызды. 00:24:12 Енді бізде күшті жаңалық болып жатыр осы Казахстан Фэшн Уикта. Өйткені біз Қорлан Мәди деген қазақтың әдемі қызымен коллаборация жасадық.
Шетелдік сән сахналарын бағындырып үлгерген Қорлан болса, Кәуменованың ұсынысынан бас тарта алмапты. Серіктестік қос тарапқа да тиімді болғандай.
Қорлан Мәди, сәнбике:
-Аида ұлттық нақышта киім тіккенді ұнатады. Ал, мен болсам көп жылдан бері Еуропада жұмыс істеп келемін. Сондықтан, ұлттық нақыш пен заманауи стильді біріктіріп, жаңа дүние шығардық.
Тың топтаманың жаңалығы – кроссовки. Спорттық аяққкиімдер Еуропалық шеберлердің қолынан шыққан.
Қорлан Мәди, сәнбике:
-Мақсатымыз 90-жылдардағы аяқкиімдерді қайта жаңғырту болды. Екеуіміз екі жақта жүргендіктен, бір-бірімізге желі арқылы сызбаларды жіберіп, мақұлдап отырдық.
Бұл Қорлан Мәдидің алғаш рет отандық сәнгермен бірлесе жұмыс істеуі. Танымал сәнбике: «сәті түссе, жуық арада жеке топтамаммен қуантып қалуым бек мүмкін», - дейді.