Қызыл кілем төрінен табылған жұлдыздар айтулы салтанатқа үлкен дайындықпен келгендей. Аталмыш премьераға, жуырда ғана нәрестелі болған Рэйчел Вайст та, қатысуды міндет санапты.
Рейчел Вайс, актриса:
-Екінші рет ана атанғалы, әлі де өз-өзіме келе алар емеспін. Бақытты екенімді жасырмаймын! Оның үстіне, осындай керемет кешке қатысып отырмын.
Тұсаукесерде Эмма Стоун мен Оливия Колман да назардан тыс қалмады. Актрисаларға тарихи лентада басты рөлді сомдау бұйырған болатын.
Эмма Стоун, актриса:
-Кинодағы костюмдерді киіп жүру оңай болмады. Демалудың өзі өте қиын еді. Бірақ, олар сондай әдемі. Көйлектердің авторы Сэнди Пауэллдің шеберлігіне тәнтімін.
Режиссер Йоргос Лантимос ұсынған «Фаворитка» тарихи лентасы, 17-18 ғасырларда ел басқарған Анна патшайымның өмірін суреттейді. Сюжетте ақсүйектер әулетінің бастан өткерген оқиғалары мен таққа таласы көрсетілген.
Йоргос Лантимос, режиссер:
-Лентаның барынша шынайы шығуы үшін, ұжым болып тер төгуімізге тура келді. Мәселен, актрисаларға күні бойы корсет көйлек киіп жүру оңайға соқпады. Бірақ, түрлі қиындықтарға қарамастан барымызды салуға тырыстық.
Фаворитка» картинасының премьерасынан өзге, Лондон кинобайқауының нәтижелері әйгіленген еді. Қазылардың пайымымен, режиссер Судабех Мортезайдың «JOY» туындысы басты жүлдеге лайық деп танылды. Аталмыш лентада, құлдықтың құрбаны атанған Нигериялық әйелдің бастан кешкен оқиғасы баяндалады.