Әнші, әрі актриса Дженнифер Лопес та өзінің жаңа картинасын ұсынуға әзір. «Қайтадан баста» атты лентада Джей Ло, өмірінің мәнін жоғалтқан арудың рөлін сомдайды.
Майя есімді қыздың кейпіне енетін Дженнифер Лопес, тағдырдан үмітімді үздім деген сәтінде, беделді компанияға қызметке кіреді. Енді өзінің таланты мен біліктілігін дәлелдеу үшін ару барын салмақ. Комедия әрі драмаға толы фильм, 13-ші желтоқсаннан бастап жарық көреді.
***
Австралия елі өз «Веномын» ұсынды. Актер Логан Маршалл-Грин басты кейіпкер атанған «Апгрейд» лентасының трейлері де жарық көрді. Фантастикалық картинада, Грей есімді жігіт, әйелін өлтіретін 4 бұзақыдан кек алу үшін, басын қауіп-қатерге тігетін ғылыми тәжірбиге келіседі.
***
Ақырында Грей, ғарыш құбыжықтары тектес алып күшке ие қаһарманға айналады. Бұл лентаны Марвелдің «Веном» картинасымен салыстырғандар да жетерлік. Фильм, қарашаның соңында үлкен экрандарға жол тартады.
***
«Ғарыш күзетшілері» картинасының танымал кейіпкері Курт Рассел енді Аяз атаның рөлінде. Актердың «Жаңа жылдық хабар» фильмінің ақырғы трейлері жарық көрді. Фэнтези, нағыз Аяз атаны кездестіретін кішкентай кейіпкерлер туралы.
***
Жаңа лентада, әйгілі «Гарри Поттерды» таспалаған автор еңбек етпек. Ал, көрермендер тың туындыны желтоқсан айынан бастап көре алады.