Ханзадаға тұрмысқа шыққан Меган Маркл болса, жұлдыздар арасынан жанкүйер жинауда! Актрисаның тұңғышына жүкті екені әйгіленгені сол-ақ еді, танымалдар жаппай жылы лебіздерін жаудыруда. Мәселен, Лондон кинофестивалінде тұсауы кесілген туындылар емес, патшалық әулеттің қуанышты хабары көбірек талқыланғандай.
Халықаралық Лондон кинофестивалінің қызыл кілемі бұл жолы «Өмірдің өзі» картинасы үшін жайылды. Алайда, мәртебелі кештің төріндегі жұлдыздар ең әуелі журналистермен патшалық әулеттің қуанышын талқылауды жөн көрді.
Оливия Кук, актриса:
-Гарри мен Меган неткен тез еді. Бұл қалжыңым емес, менің пікірім.
-Негізі, Гарри мен Меган өте үйлесімді жұп. Әйтеуір, патшалық отбасы менің көңіліме жағады.
Ханзада мен ханшайымға бақыт тілеген кино саласының марғасқалары, кейіннен өз картиналарын талқылауға кірісті. Сөйтсе, жұрт назарына ұсынылған лента да қос ғашықтың кіршіксіз махаббатын баяндайды екен. Фильм кейіпкерлері бақытты ғұмыр кешіп жатқандай еді. Алайда, тосын жайт екеуінің ғана емес, олардың жақындарының да өмірін бір сәтте өзгертеді.
Дэн Фогельман, режиссер:
-Картинаның мақсаты адамдарға өмірдің мәнісін, нағыз құндылықтардың не екенін түсіндіру. Мелодраманы әр көрерменнің жүрегіне жеткізу үшін барымды салдым.
Айтулы сайыста тұсауы кесілген картиналар саны мұнымен толастап қалмақ емес. Кіл мықты режиссерлардың басын қосқан Лондон кинофестивалі 21 қазанға дейін жалғаспақ.