Ариане Гранде болса, шығармашылығына үзіліс жариялады. Ариананың мұндай шешімге келуіне, өміріндегі сәтсіз махаббаты әсер еткен.
Арианенің соңғы уақытта басынан кешпегені жоқ. 2017 жылы 22 мамырда Манчестер қаласында өткен Гранденің жеке ән кешінде лаңкестік әрекет жасалып, концертіне жиналған тыңдарманның біразы зардап шеккен еді.
***
Ал осыдан 2 ай бұрын Аридің экс-сүйіктісі – Мак Миллер есірткіден көз жұмса, күні кеше сөз байласқан күйеужігіті Пит Дэвидсонмен де қарым-қатынасы үзілді. Енді Ариане біраз уақыт өз-өзіне келу үшін, сахнаға шығудан бас тартып отыр.
***
Шарлиз Терон Голливудтағы киногерлерге ренішін білдірді. «Elle» журналына сұхбат берген актрисаның айтуынша, әйел кейіпкерлер өз рөлдері үшін, ерлерге қарағанда екі есе артық жұмыс жасайды екен. Шарлиз, фильм сәтсіз шықса себебін нәзік жандылардан іздейтіндерге мүлде қарсы. Арулар ойнаған картиналар авторлардың үмітін ақтамаса, бар мәселе сценарийде дейді Терон ханым.
***
Кира Найтли үшін ең бастысы фильмнен алатын қаламақысы. Актриса бұдан былай, әрбір картинасынан, ер актерлармен теңдей ақы алуды көздеп жүр. Танымал ару «Колетт» лентасына түспес бұрын, жоба авторларына өз талаптарының тізімін жіберген екен.