Сивидің әр қадамын сынға алмаса, оқырмандарының көңілі көншімейтін сынды. Оның әр постын жіті қадағалайтын фолловерлері, ауқатты бикештің дүние-мүлкінен бастап, түр-келбетіне дейін келеке қылуды әдетке айналдырған. Ал, Махмуди қара ниеттілерге қандай шара қолданады?!
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
-Көбінесе көре алмай жатады ғой. Неге саған беріп қойған деген сияқты. Енді әркімнің несібесі маңдайына, бағына қарай беріледі ғой.
Махмуди мұндай пікірлерге көңіл-күйін түсірмейді. «Біреудің тағына таласқандар, басына қонған бағына таласа алмайды» - дейді Сиви. Бірақ, бикешке жағымсыз жазба жолдайтындардың қарасы әлі күнге азаяр емес.
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
-Сенде бәрі бар, бірақ түрің келіспей қалған деп жазады да мысалы. Не болмаса қатты арықсың, я болмаса мұрының дәу деген сияқты... Болмаса ақшаң көп, өнерің жоқ деген сияқты.
Ал, Айгүл Иманбаева хэйтерлерді бірден қара тізімге енгізеді екен. Басы бос бикешке жазылатын жағымсыз пікірлер легі көбіне жеке өмірі жайлы.
Айгүл Иманбаева, актриса, әнші:
-Халық – ұлық, тобыр – былық! Халық керегін алады. Тобыр қашан да... Абайды да өлтірген тобыр. Сол себепті, әр тобырмен үріп отыратын жағдайым жоқ. Сондықтан мен үріп, айтысып отырмаймын. Тек шектен шыққан кезде ғана бір жауап бермесем...
Отандық шоу-бизнестегі нәзік жандылар, дөрекі оқырмандарымен күресудің амалын іздеп, басы қатса, «Жігіттер» тобындағы Бағлан бұл мәселені әлдеқашан шешіп қойған.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Мәдениетті жауап беретініне, мәдениетті жауап беремін. Өзі бір балалар болады. Оларға былай жазбасам да, дайректтеріне жазып жіберемін. Кәдімгідей балалардың арасында болатын сөздер болады ғой. Айтылатын әңгіме деген сияқты. Сондайларды жазып жіберемін.
Әбдірайымовтың бұл әрекеті өз нәтижесін берген сыңайлы. Бүгінде, Бағланның жүйкесін жұқартатын жазбалар некен-саяқ екен.