«Кек алушылар» Жер бетін қауіптен құтқару үшін, қайта оралған еді. Картина, күні бүгінге дейін әлемдік айналымнан 1 млрд доллардан астам ақша жинап үлгерген. Ал, біздің көрермендер бұл туындыға, өткен уик-эндте қанша миллионын жұмсады?!
Өткен уик-эндте «Кек алушылар» картинасы, Қазақстан кинотеатрларында 110 млн теңгеге жуық пайдаға кенеліп, бірінші орынға шықты. Әлемге төнген қауіппен күресуге, жалғыз қаһарманның күші жетпесі анық. Бір-біріне көмекке келетін батыл кейіпкерлер, зұлым Таноспен шайқасқа түспек. Фантастикалық фильм әлем бойынша 1,5 млрд доллар тауып, Марвел компаниясының ақшалы жобаларының көшін бастаған.
Ресейлік «Собибор» тарихи драмасы, 8 млн теңге қаржымен екінші сатыда.
Актер Константин Хабенский, басты кейіпкердің рөлін сомдап қана қоймай, әрі лентаға режисерлық еткен. Фильм 5 тілде таспаланған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оқиғаны баяндайтын картина, отандық прокатта табыстылар қатарында.
Уэс Андерсонның анимациялық «Төбеттер аралы» туындысы, 7 млн теңгеден астам қаржыны қоржынына салып, үшінші орынға жайғасты. Картина, Берлин кинофестивалінде «үздік режиссерлық жұмыс» деп танылып, күміс жүлдеге де ие болған. Кинолентаны, голливудтық Билл Мюррей, Скарлетт Йоханссон және Тильда Суинтон сынды актерлар дыбыстаған.