«Орындалмас миссия: Зардап" картинасының режиссерлары, көптен күткен трейлерді ел назарына ұсынды.
Көптің көзайымына айналған триллердің алтыншы бөлімінде, агент Итан Хант бұрынғыдан да қауқарлы. Кейіпкердің ойдағыдай шығуы үшін Том Круз түсірлім барысында аянбай тер төгіп, байқаусызда тобығын да сындырып алған.
Ал, лента режиссерлары, Генри Кавиллге таласып қала жаздаған. Себебі актер, бір сәтте «Орындалмас миссия» мен «Әділеттік лигасы» картинасына қатар шақырту алады. Тіпті, киногерлер Кавиллге мұртын алуға рұқсат бермей, сері сол күйі Суперменнің образын ойнап шыққан. Қаһарман кейіпкердің келбетін, компьютерлік эффектілер арқылы келістірген көрінеді.
Тағы бір жаңа туынды – «Кітапсүйерлер клубы» картинасы. Лентаның сюжеті бойынша, егде жастағы оқырмандардың қолына «Сұр түстің 50 реңі» бестселлер тиеді. Сол сәттен бастап, клуб мүшелері өмірге жаңа көзқараспен қарай бастайды. Ал, фильмдегі негізгі рөлдердің бірі Дакота Джонсонның әкесіне бұйырған.
Дон Джонсон, актёр:
-«Сұр түстің 50 реңі» фильмге менің қызым түскен еді. Алайда, өзім картинаны тамашалаған емеспін. Бұл Дакотаның өтініші еді.
Ал, аталмыш лента мамыр айының 18-нен бастап үлкен экрандарға жол тартпақ.