Канн кинобәйгесінде отандасымыз өз картинасының тұсауын кеспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Француз Ривьерасында Әділхан Ержанов өз фильмін көпшілікке таныстырады! Бұл туынды, Канн кинобәйгесі аясында «Ерекше көзқарас» аталымына үмітті. Ал, отандасымызға өзге елдің қай режиссеры бәсекелес болмақ?! Толығырақ тілшіміз баяндайды.

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді немқұрайлығы» картинасы, Қуандық пен Салтанат есімді ғашықтардың оқиғасын баяндайды. Басты рөлді сомдаған Динара Бақтыбаева, туындыны таныстыруға Францияға арнайы аттанған еді. Отандық өнім «Ерекше көзқарас» жүлдесін жеңе алады ма? Бұл сауалдың жауабы жақын күндері белгілі болмақ.

Жерлесіміз сынды, Канн қаласына арқаланып барғандардың бірі – Ли Чхан Дон. Кореялық режиссер «Жалын» атты лентасының тұсуын кеспек. Туынды сюжетіне Африкалық саяхаттан қайтқан әйелдің бастан өткергені негіз болған.

Ал, үндістандық киногерлер әлеуметтік теңсіздік тақырыбын көтеру арқылы, қазылар алқасының жүрегін жаулауды көздейді. Режисер Рохена Гера өз лентасындағы ауқатты бизнесмен мен жалшы арудың оқиғасы, көпшлікке ой саларына сенімді.

Рохена Гера, режиссер:

-Неліктен адамдар ақша үшін өзін жайсыз сезінуі керек? Меніңше киногерлер, дәл осындай ауқымды тақырыпты көтеруі тиіс.

Ал, аталмыш картинаға бүгіннің өзінде қалың көпшілік, Болливудтық өзге туындыларынан ерекше деп баға беруде.