Алғашқыда «Бауыржан-шоуда» өнер көрсетіп, кейін «Нысана» әзіл-ысқақ театрын ашқан Әбунасыр Серіков, қазіргі таңда өзі басқаратын ұжымнан кеткен. Десек те, актер қол қусырып отырған жоқ!
«Нысана» театрынан қол үзген Әбунасыр, жас таланттарға тәлім беруді жөн деп шешкен. Өткен жылдың қыркүйегінде өнер орталығын ашқан актер, Кеңес үкіметі заманында мұндай мүмкіндіктің болмағанын айтады.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Мектепке бармай тұрғанда, ең бірінші көзімді ашып көргенім «Бриллиантовая рука» көріп, Юрий Никулин, Андрей Мироновқа қарап, актер болғым келді. Бірақ, мұндай мектептер ол кезде болған жоқ.
Төккен тер, текке кеткен жоқ! Бүгінде Серіковтен сабақ алған жас өрендер, түрлі жобаларда бой көрсетіп жүр екен. Актердың кей шәкірттері Нұртас Адамбай, Ақан Сатаев сынды азулы режиссерлардың картиналарына шақырту алған.
Әбунасыр Серіков, актер:
-Шәкірттеріміз, біздің үлкен мен-мен актерларымыз, мен-мен деген әншілермен түсті. Оның өзі үлкен қуаныш қой. Егер де, біз сол кезде Шәкен Аймановтың киносына түссек, немесе Асанәлі атамыздың қасында отыратын болсақ, біз талып қалатын шығармыз!
Әбунасыр жетекшілік ететін орталықта құрылған көңілді тапқырлар клубы, отандық КВН түлектерін де таңдай қақтырған тәрізді.
Мейірхан Шерниязов, режиссер, актер:
-Ішінде КВН ойнап жүргендері көрініп тұр негізінде. Тәжірибесі бар КВНщиктер көрініп тұр. Біз де осылай мектептен бастадық. Осылай дос болдық. Біз Мейіржанмен бір командада ойнадық бәріміз.