Мәдина Сәдуақасова актриса атанам деп, белін бекем буып отыр. Тіпті, ол үшін әнші түрлі кинокастингтерге қатысуда. Өнерпаздың жаңа шығармашылық тапынысы жайылы, тілшіміз өзінен сұрап білді.
Мәдинаның жанкүйерлерінің арасында түрлі ой тудырған дәл осы фото еді. Әншінің желіге жүктеген суретіне қатысты, оқырмандары сан түрлі сауалды қарша боратты. Сөйтсек, Сәдуақасова арнайы шақыртумен, тарихи картинаның кастингіне қатысқан екен.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Мен келген кезде менімен қоса 15-20 шақты қыздар болды. Оның ішінде, мен танитын белгілі актрисалар. Бірақ, олар білмеймін неге екенін алдын-ала тыңдаудан шығып кетіп отырды, шығып кетіп отырды. Мен және тағы бір қыз қалдық. Жоқ үшеуіміз, бізге ғана гримм жасап осылай рөлді ойнатты.
Киногерлер, Сәдуақасованың сөйлеу мәнері мен даусына тәнті болған деседі. Енді, Мәдина режиссерлар тарапынан тағатсыздана жауап күтуде. Ал, оған дейін әнші кішігірім рөлдер арқылы тәжірибесін толықтырмақ. Алайда, өнерпаздың кино әлеміне қадамын құптамайтындар да бар.
Жұрттың жан-жақты пікіріне, әншінің айтары мынау:
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Актерлар да әнші болып жүр. Әнші де актер бола алатынына мен ешқандай қарсылығым да жоқ. Сондықтан да, мен ойлаймын ол ешқандай, бір ерсі немесе дұрыс емес дүние емес деп.
Сондықтан да, Сәдуақасова ештеңеге қарамастан киноға мықтап кіріспек. Келешекте, әншінінің талай толық метрлі картиналарда ойнауға ниеті бар.