Ал, әлемге әйгілі Билборд чартының триумфаторы Дрэйк, бұл жолы үздік шыға алмады. Себебі рэперді, америкалық әнші Дональд Гловер, соңғы туындысымен шаң қаптырған. Бұдан өзге оза шапқан жұлдыздар кім?!
Жарық көргеніне екі апта болғанына қарамастан америкалық әнші, Дональд Гловердің «This Is America» атты трегі тыңдармандарының жүрегін бірден жаулаған. Чайлдиш Гамбино есімімен танылған өнерпаздың туындысы, Билбордтың «ең үздік 100 ән» чартында бірінші орынды еншіледі.
Дрейктің «Nice For What» әні екінші орынға түсті. Канадалық рэпердің бұл туындысы - хип-хоп жанрында жазылған. Заманауи хиттердің біріне айналған трекке таспаланған бейнебаянды, осыған дейін, 535 млн-нан аса адам қарапты.
Үшінші сатыны еншілеген Дрейктің тағы бір әні «God's Plan», көптің көңілінен әлі де шығуда. Бүгінде аталмыш туынды, АҚШ-тан өзге Аустралия, Канада мен Ұлыбритания елдерінің ән-шерулерінде көш бастап тұр. Ал, музыкант бұл композицияға бейнебаян түсіру барысында, 175 млн долларды Майами тұрғындарына таратқан болатын.
Post Malone мен Ty Dolla Sign бірігіп жазған «Psycho» атты туынды - Билборд тізімінде төртінші. Бұл трек Пост Мэлоунның екінші альбомына да енген.
Биба Рексаның «Meant to Be» туындысы үздік бестікте. Өнерпаз ару бұған дейін Дэвид Геттамен ән шырқап, Эминем мен Рианнаға арнап «The monster» хитін жазған еді.