Әйгілі актер Уилл Смиттің қызы Уиллоу, әншілікпен қатар, актерлық қабілетімен де танылғаны бар. Сырттай «төрт дүниесі түгел болып көрінетін» 17 жасар ару өмірімен қош айтысуды көздеген екен... Себебі қандай?
Уилл Смиттің қызы, өз анасы Джадаға ашық сұхбат берген еді. 17 жасар Уиллоу қазіргі таңда әнші, әрі әкесі сынды актерлық салада да тер төгіп жүр. Жас жұлдыз кезінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен. Небәрі 10 жасында бірден танымалдыққа ие болған ару, айтылған сыни-пікірлерге шыдамаған. Ал Уилл Смит, қызының мұндай әрекетінен мүлдем бейхабар болып шықты.
***
Дженнифер Лопес болса, өз көйлегін аукционға қоймақ. Әнші соңғы Met Gala кешіне арнап тіккізген киімін, қайта киюге ұялатын көрінеді. Balmain (Бальманның) асыл тастармен көмкерілген қол туындысының бастапқы бағасы - 5000 доллар. Сатылымнан түскен қаражатты, ДжейЛо Африка елдерінде спидпен күресетін «RED» қорына табыс етпек. Бәссауда мамырдың 21-ші жұлдызына дейін созылады.
***
Актриса Дакота Джонсон мен ғашығы Крис Мартин, қарым-қатынастарын күні бүгінге дейін жасырып келген еді. Алайда Дакотаның анасы, қызының музыкантпен көңіл жарастырғанын ресми түрде мәлімдеді. Себебі, Крис өз сүйіктісінің шешесінен бата алу үшін алдынан өткен екен. Мелани ханымға бірден ұнаған сері, енді отау құруды да жоспарлап отырғанын жеткізген. Дакота болса, қашан қалыңдық атанарын нақтылаған жоқ.