Мөлдір Әуелбекова, өзіне көшірме әнін сатқан сазгерді жазаламақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әуелбекованың орындауындағы дәл осы «Арман алдамайды» әнінің авторы, Мөлдірді сан соқтырған сыңайлы. Өйткені, жарыққа шыққан тректің әуені, ресейлік әншінің репертуарынан деседі. Мөлдір енді қандай қадамға бармақ? Ал, әріптестері жас сазгерді жазасыз қалдырмауды құп көреді...

Әуелбекованың «Арман алдамайды» атты клипінің тұсауы, көктемнің алғашқы күні кесілгенімен, аталмыш ән Мөлдірдің репертуарына осыдан бір жарым жыл бұрын еніпті. Бірақ, бейнебаян жарыққа шыққан сәттен-ақ, көпшілік бұл туыныдыны көшірме әндердің қатарына қосып қойған. Олар отандық сазгер мен ресейлік Александр Серовтың тректерінен ұқсастық тапса керек.  

Иә, қос әннің қайырмасынан, бірыңғай ноталарды аңғармау мүмкін емес. Бірақ, Әуелбекова жұрттың пікірімен келіспейді.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Өйткені мен Серовтың әнін тыңдадым. Өзім түсіндім. Екі нота ғана ұқсас. Ол бола береді. Ол барлық әндер де бар!

Ал, қазақстандық композиторлар мұндай жөнсіздікке жол бермеу керектігін айтып, дабыл қағуда...

Марат Омаров, әнші, композитор:

-Шет елден ән ұрлап жатқан ұят емес пе. Мен бүкіләлемдік композиторлар қоғамына мүшесімін. Менің әріптестерімнің барлығы айтып жатыр. Ертеңгі күні келіп, сотқа береміз деп. Өте ренжулі шынымды айтсам!

Әли Оқапов, әнші:

-Біреу сенің әніңді ұрлап немесе сенің әніңді өзі әні ретінде орындап, рұқсатсыз дұрыс емес нәрселер жасаса, әрине заңды тұрғыда заңгерлермен кездесіп, оларға түсіндіру керек деп ойлаймын.

Ал, шығармашылығына қаржы құйып, аталмыш әнді сатып алуға ақша жұмсаған Мөлдір Әуелбекова, жас сазгерді жазалауға құлықты емес! Себебі..?

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Қателеспесем төрт нотаға дейін рұқсат бар заң жүзінде. Бұл жерде екі нота ғана болып тұр. Егер 5-6 нота ұқсас болса, онда заң жүзінде болады. Сондай заң бар негізі. Оны жазалауға болады. Бірақ, біздің оқиғамызға қатысы жоқ. Ол плагиат емес!