Әнші Санданы да, асыға тосатын өз жанкүйерлері бар. Бірақ, жаңа шабыт көзін іздеп кеткен сұлу, шығармашалық үзіліс жариялаған-ды. Тың идеялармен қайта оралуға шешім қабылдаған әнші, бүгінде спортты жанына серік еткен. Қыздарға айтар кеңесім де бар дейді.
Тыңдармандарын куантуды қойған Санда, біраз уақыт үзіліс жариялаған-ды. Шығармашылықтан шеттеп қалған әнші, енді шалқар шабытты табиғат аясынан іздеп жүр.
Санда, әнші:
-Мен күнделікті таңғы 6-дан бастап, таңғы жаттығулар жасаймын. Өзімді солай ерекше сезінемін...Менің ойымда идеальная фигура дейді ғой, соған жету үшін мен күнде таңертен сол оймен тұрамын.
Мінсіз мүсінімен таңқалдыра білетін Санданың, арықтауды қалайтын аруларға айтары бар. Жұлдыздың пікірінше келісті келбет пен әдемі дене бітімінің құпиясы мынау:
Санда, әнші:
-Қыздарға менің айтатын кеңесім, әдемі фигура болу үшін, ең біріншіден, дұрыс тамақтану керек және әрине спорт.
Санданың спортпен белсенді түрде шұғылдануының тағы бір себебі бар. Елге баяу әндерімен танылған ару, үлкен сахнаға ырғақты тректермен қайта оралмақ.
Санда, әнші:
-Мен жүгіріп, ән айтуды тәжірбиелеп жүрмін. Өйткені сахнаға шыққан кезде, адам бір орында тұрып айтпайды ғой. Адам билеуі керек, қозғалуы керек.
Осылайша, Ерик Тастембековпен қош айтысқан әнші, жақын арада камбэк жасауды көздейді. Енді, ол Санда атты брендті қайта жаңғыртпақ ниетте.
Санда, әнші:
-Тренигтен 2 ай өтіп шықтым... Мен өзімнің әншілігімді ары қарай дамыту үшін, және сол әншілікке жақын салаларды да қарастырдым.
Ал, арудың шығармашылыққа қызу кірісіп, белсене еңбектенер күні де жақын.