Талай табысты туынды таспалаған режиссер Жеңісхан Момышев, жуық арада сүрбойдақтықпен қоштаспақ! Өнерпаз бұл күндері, үйлену тойының қамымен жүр. Сонымен, еліміздегі ең таңдаулы серілердің бірін, өзіне ғашық еткен қандай ару?!
Қалың көпшілік Жеңісхан Момышевты қазақ шоу-бизнесінің беткеұстар бойдақтарының бірі ретінде жақсы таниды. Алайда, орда бұзар жасқа келсе де отау құрмаған сері, үйленуге кет әрі еместігін талай рет айтқан болатын.
Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Үйленгім келеді әрине. Бұйырған күні үйленем, қазір үйленіп, ертең быт-шыт болып айырылысып жатсаң ұят болады.
Дәл осылай, «үйлену оңай, үй болу қиын» екенідігін жақсы ұғынған Жеңісхан, шаңырағының түтінін түтететін келешек аруды сипаттап та берген еді.
Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Ең маңыздысы анамды сыйласа болды ғой. Анамды сыйлап, үйге қараса. Ал, біз творчествоның адамымыз, жиі далада жүреміз.
Алайда, Жеңісхан өзін ынтызар етер сұлуды осы уақытқа дейін еш кездестіре алмай жүрген-ді. Бұған дәлел, Момышевтың көпшлік ортада кез-келген сылқыммен көзге түспеуі. Сондықтан, күні кеше, режиссердың сән шарасына сүйгенін ерте келуі - жақсылықтың нышаны. Сонымен, Жеңісханның жүрегін жаулаған кім?
Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Мүлде біздің саланың адамы емес. Бұл саланы біле бермейді, түсінбейді. Сондықтан, оның өзінің саласы, менің өзімнің салам. Семья деген сондай болу керек. Иә, тойға дайындықтар ақырындап. Алланың бергені болып жатыр. Ақырындап дайындалып жатырмыз.
Алайда, етегінен ұстайтын жанды кездестірген Жеңісханның қуанышына, күллі шоу-бизнес өкілдері ортақтаса алмауы бек мүмкін. Себебі, шетелде кино таспалап үйренген режиссер, үйлену тойын да өзге мемлекетте өткізбек ниетте.