Әрбір топтамасын ерекше тәсілмен таныстыратын Айнұр Тұрысбек, тағы да ел аузына ілінді. Дизайнер бұл жолы сән мінберінде фэшн-этюд қойып, киімдерінің моно-көрсетілімін би өнерімен тоғыстырды. Ал, төбе көрсеткен қонақтар арасында сүйіктісімен қол ұстаса жеткен Жеңісхан да бар.
Айнұр Тұрысбек фэшн-уикке қатысып, сән сахнасын өзге әріптестерімен бөліскісі келмейді. Есесіне, дизайнер моно көрсетілмін әрдайым ерекше өткізуді әдетке айналдырған. Мәселен, бұл жолы тың таныстырылымды тамашалағысы келген меймандарды, ұлттық киімдегі батырлар қарсы алды.
Жаңашылдыққа жаны құмар сәнгерді, қолдауға келген қонақтардың қарасы көп. Тіпті, олардың арасынан сән саласынан ауылы алыс, Жеңісханды да көзіміз шалды.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
-Жеке шақырту болды, сондықтан дос ретінде, таныс ретінде қолдап келіп жатырмыз. Осыдан бір-екі күн бұрын Дастан Оразбековке клип түсірдік. Сол кезде де осы әдемі қыздың киімдерін қолдандық.
Ал, Жеңісханға Тұрысбек ханымның көрсетілімі ұнағандай. Себебі, Айнұр бұл жолы топтамасын елден ерек, би өнері арқылы таныстырды.
Айнұр Тұрысбек, сәнгер:
-Бүгін «Қадам» атты фэшн-этюдты назарларыңызға ұсындық. Би қадамы арқылы әрбір адам жан-дүниесіне, қадам жасауы керек екенін көрсеткіміз келді.
Айнұр Тұрысбек, өзгеше шоудың басты кейіпкері ретінде, отандасымыз әрі биші Арсен есімді азаматты Израильден арнайы алдыртыпты. Дизайнердің бұл ұмтылысын әріптестері де оң бағалағандай.
Алекс Чжен, сәнгер:
-Айнұр шығармашылық жолда өсіп-өніп келе жатыр. Сондықтан, мен оған бәрекелді дегім келді.