Ал, допинг-дауға қатысты өтпей қалған Головкин мен Альварес жекпе-жегіне мұрындық болғандардың қанша шығынға батқаны анықталды.
ESPN Deportes спорттық телеарнасының мәліметінше, қос боксшының қарымта айқасын ұйымдастыруға жалпы 250 млн доллар жұмсалған екен. Бұл тұста Головкин мен Альварестен басқа Golden Boy компаниясы, НВО телеарнасы, MGM Grand кешені мен көптеген демеушілер зардап шеккен.
5 мамырға белгіленген «GGG мен Канело» арасындағы рематч, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтуі тиіс еді. Жекпе-жектің болмайтыны анықталған шаққа дейін, спорт кешенінің кассасындағы 22 мың билеттің бәрі сатылып кеткен екен. HBO арнасы жоспарланған ақылы трансляциядан түседі деген, 120 млн доллар табысынан да қағылып отыр.