Синди Кроуфорд болса Париж сән апталығының мәртебелі мейманы болды! Әдеттегідей подиумда емес, алдыңғы қатарда отырып сән сахнасымен жүріп өткен туған ұлын бақылады. Жалғыз емес, Орландо Блумды да ерте келген.
Әлі күнге сән сахнасынан түспеген Синди Кроуфордтың, қос перзенті де фэшн әлемінен алшақ емес! Кенжесі Кайя Гербер 16 жасында-ақ – Карл Лагерфельдтің музасы болып үлгерсе, тұңғышы Прэсли Гербер табысты модель! Енді, Paris Fashion Week аясында Balmain топтамасын таныстырып, тағы көзге түсті.
Ұлының подиумда жарқырағанын Синди Кроуфорд қалай жіберіп алсын? Алдыңғы қатарда отырды. Кеш бойы Орландо Блумнан бір елі ажырамағыны да көпке ой салды. Сәнбике мен актер арасында ғашық оты маздаған ба?! Ешкім дөп басып айта алмағанымен, екеуінің де басы бос екенін ескерген жөн болар.
Тек, Balmain көрсетілімі ғана емес, Диор коллекциясының таныстырылуы да қос жүректерді табыстырды. Ең сұраныстағы сәнбике Белла Хадид пен ең сымбатты актер Роберт Паттинсонның жұбы жарасты. Сән үйі оларды брендтің бет-бейнесі ретінде таныстырғанды. Дәл осы ортақ іс, олардың махаббат отын маздатқан ұқсайды.
Кеш бойы жұптары жазылмаған екеуімен қоса, драма жұлдызды – Со Чжун Ки де төбе көрсетті. Оңтүстік Кореялық актерды Диор сән үйі арнайы шақыртып, мәртебелі меймандар қатарына қосқан.