«МэдМэндік» музыканттар мұңын шақты.. Осыдан бір жыл бұрын отандық шоу-бизнеске келген кью-поперлерді, тыңдарманның қабылдауы қиын болған көрінеді. Алайда, жігіттер дегеніне жетіпті. Былтыр жатырқай қарағандар, бүгінде бұл бойзбендтің шын жанкүйеріне айналған.
«МэдМэн» – кью-поперлер арасында түрлі ұлт өкілдерінен құралған жалғыз топ. Соңғы он екі айда қарқынды жұмыс жасаған жігіттер, 2018-дің басында жанкүйлерлерін жиып, бір жылдық есеп беру кешін өткізді. Бүгінде көптің ыстық ықыласына бөленген бойзбендке, бастапқыда ел қошеметіне ие болуы оңайға соқпаған. Себебі...
«MadMen» тобы:
-Себебі, біздің топта басқа ұлттың өкілдері бар. Сондықтан, бізді басында қабылдау қиын болған. Неше түрлі сөздерге тіреліп қалған кездер болған. Мынау қазақ, мынау кәріс, мынау орыс деген сияқты. Олай бөлуге болмайды негізі.
Десек те, талантты жігіттер, музыканың ұлт талғамайтынын дәлелдеді. Соңғы бір жылда, бұл бестік қос клип пен үш тректі тыңдармандарына тарту еткен. Сондай-ақ, Алматыда құрылған бойзбенд еліміздің өзге аймағындағы жастармен де жүздесіп үлгерді.
«MadMen» тобы:
-Тараз қаласында ең бірінші фан-митинг өткен. Содан кейін, Астанада өтті, Шымкент қаласында өтті... Қазір біздің тыңдармандардың саны көбейіп, бізді жақынырақ танудың арқасында, қарапайым адамдар екенімізді білгеннен кейін, жақсы көзқараспен қарай бастады.
Ессіз толқындар! «МэдМэндік» музыканттардың фандомы дәл осылай аталады. Олар сүйікті тобына қатысты ақпаратты қалт жібермейді, әндерін де кез-келген уақытта жатқа айтуға әзір.
-Олардың билері өте керемет. Дауыстары да өте ерекше. Олардың тембрлері өте басқаша...
- Олар өте күшті топ. Маған балалары өте ұнайды.